Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртаудың" үндістандық инвесторларына бірнеше талап қойды
28 қарашада премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директорымен кездесіп, кәсіпорындағы қауіпсіздік мәселелерін жол қоюды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде Смайылов кәсіпорынның экологияға тигізген зардабы туралы айтып, өндірісті жаңғыртуға бөлінген инвестициялардың жеткіліксіз екенін мәлімдеді.
"Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Премьер-Министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті", – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Ал ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоял комбинаттағы қызметкерлер өліміне алып келген төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді.
"Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті", – делінген хабарламада.