Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter шоуының финалына шықты
Фото: NAIZA
Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter (TUF) шоуының 33-маусымында финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жартылай финалдық жекпе-жекте Ыдырыс Венесуэла өкілі Ройберт Эчеверриямен кездесіп, бірінші раундта тізесімен ұрған соққысымен қарсыласын нокаутқа түсірді.
Жеңіске жеткеннен кейін Әліби октагонның бұрышында отырған UFC президенті Дана Уайтқа жақындап, оған үн қатты.
"Дана, менің атымды есте сақта! Сенен бонус күтемін, бауырым! Менің атым – Әліби Ыдырыс. 12 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ. Мен — жеңіл салмақтағы жаңа жұлдызбын! Қазақстан, алға!", – деді спортшы.
Айта кетейік, TUF-тың 33-маусымында командаларға UFC аңыздары Чейл Соннен мен Дэниель Кормье жетекшілік етуде. Жоба турнир форматында өтеді: спортшылар финалға дейін жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа ие болады.
Айта кететін тағы бір жайт — UFC тек шоу жеңімпаздарын ғана емес, TUF-та өзін жақсы қырынан көрсеткен басқа қатысушыларды да жиі келісімшартқа тартады.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
