Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter 33 жобасының жартылай финалына шықты

Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс (10–0) UFC аясында өтіп жатқан The Ultimate Fighter 33 турнирінің ширек финалында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әліби бұл кезеңде өзбекстандық Фуркатбек Йокубовпен (15–4) жекпе-жек өткізіп, қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Айта кетейік, шоу 28 мамырда басталды, ал TUF 33 финалы 2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларына жоспарланған.
TUF — UFC ұйымдастыратын танымал телевизиялық турнир, онда перспективалы файтерлер арнайы форматта жаттығып, бір-бірімен жарысады. Жеңімпаз UFC-мен ресми келісімшартқа ие болады. Жоба әлемдік деңгейдегі жекпе-жек шеберлерінің жолын ашқан, ал қатысу — спортшы үшін үлкен жетістік.
Әліби Ыдырыс Даниэль Кормьенің командасында өнер көрсетіп, жобаның басты фавориттерінің бірі болып отыр. Айта кетейік, Әліби — TUF жобасына шақырту алған алғашқы қазақстандық спортшы.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

