Әліби Ыдырыс америкалық "UFC" лигасының "TUF" реалити шоуының қатысушысы атанды
Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс америкалық "UFC" лигасының танымал "The Ultimate Fighter" ("TUF") реалити шоуының қатысушысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Sports.ru
Әліби Ыдырыс – отандық “NAIZA FC” лигасының 3 дүркін чемпионы. Лақап аты – Қан мен тер.
Осыған дейін қазақстандық спортшы 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет Әліби бразилиялық Эдилсон Сантосты жеңген еді.
"TUF" шоуы – UFC-дің ең танымал жобаларының бірі, онда мықты жауынгерлер өз күші мен дағдыларын көрсетіп, басты келісімшартқа ие болуға тырысады.
Айта кетейік, америкалық “UFC” лигасы аралас жекпе-жектен әлемдегі ең мықты ұйым болып саналады. Қазір лигада бірнеше қазақ жауынгерлері өнер көрсетіп жүр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
