Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Әлібековті жауапкершілікке тарту керек": Lamborghini-мен контент түсіріп, қаза тапқан жасөспірімге қатысты сот өтті

Фото: Stan.kz

Кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің көлігімен контент түсіремін деп ажал құшқан Батырхан Ержанға қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алғашқы сот отырысы да өтті. 

Айыпталушы – трюк орындалған көлікті басқарған 45 жастағы жүргізуші. Ол Қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабымен жауапқа тартылды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Марқұмның туыстары айыпталушыдан 220 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы талап етті. Сонымен қатар олар Lamborghini көлігінің иесі Бейбіт Әлібековті де жауапкершілікке тартуды сұраған. Алайда сот бұл талапты қараусыз қалдырды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.


  • "Бұрынғы әйелім тұрмысқа шығып кетті": Бейбіт Әлібеков жеке өмірінен сыр шертті

  • Алаяқтар Әлібековтің көлігімен қауіпті трюк жасау кезінде көз жұмған жігіттің отбасына қаражат жинауға кіріскен


Айта кетейік, 22 жастағы жігіт Батырхан Ержан былтыр 29 қазанда зымырап келе жатқан көліктің алдына шығып, жақындай берген сәтте үстінен секіріп өтуге тырысқан. Осылайша қауіпті трюк жасап, әлеуметтік желіде елді тәнті қылар видео түсіргісі келген көрінеді. Алайда кәсіпкер берген қызыл жүйрік жігітті соғып өтіп, жас блогер тірі қалуы мүмкін емес жарақат алды. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 02 Мамыр, 2025 10:58
Талқылау