Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов: "Үлкен арманым орындалды"

Жақында ұлды болған Әли Оқапов қуанышымен құттықтап жатқан оқырмандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aliokapov

“Сіздерге мың да бір алғыс! Жазба астында қалдырған тілектеріңізді әлі де оқып жатырмыз. Шынымен, бұл – үлкен бақыт, үлкен арманым орындалды”, – дейді өнер иесі.

Сондай-ақ, ол жеке өміріндегі жаңалықтарды жарияға жар салуға қарсы екенін айтты.

“Негізі мен жеке өмірімдегі жаңалықтармен бөлісе бермейтінімді білесіздер. Алайда, жеке өмірін, отбасын жасырмай-ақ, жария етіп жүргендер жетерлік. Олардың өміріне араласамын десеңіздер, мархабат! Бірақ мен ондайға қарсымын. Әр үйдің сыры бөлек және ол сыр үйде қалу керек деп ойлаймын. Көпшілік “бұл жолы өз сөзіңе өзің қарсы шықтың” деп жатыр. Иә, бұл жаңалықпен бөліскім келді. Мүмкін қуанышым қойныма сыймай кетті ме? Білмеймін. Сондай-ақ, жаңалықты растағаным дұрыс деп ойладым. Көп адамдар нақты ақпарат болмаған кезде өзінің нұсқасын жазып, жоқ нәрсені шығарып, таратып жатады. Ол дұрыс емес. Оның аты – өсек. Сол себепті өзімнен естігендеріңіз дұрыс деп ойладым, ”, – деді Әли.

Әнші өзін құттықтап жатқан жандарға тілекші екенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

“Барша айтылған жылы лебіздеріңіз бен тілектеріңізді оқып жатырмыз. Сіздерге де жұғысты болсын, тілектеспіз. Бұл өмірдегі ең басты әрі қымбат дүние ол – отбасы. Ал біз қайта шығармашылыққа ораламыз. Сіздерді көптеген жаңалықтар күтуде. Бірнеше ірі және эксперименталды жобаларды күтіңіздер”, – деп сөзін қорытындылады әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Қуанышқызының немерелі болғанын жазған болатынбыз.

 

Талқылау