Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлі атауы жоқ: Ақтауда құрылғанына 80 жыл болған ауылдың тұрғындары баспаналарын заңдастыра алмай жүр

Ақтау іргесіндегі ауылдың тұрғындары 20 жылдан астам уақыттан бері баспаналарын заңдастыра алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ауыл тұрғындары құжатсыз электр, су, канализацияны тарту мүмкін емес дейді. Сол үшін де олар коммуналдық қызметтерді заңды тұлға ретінде төлеуге мәжбүр екен. 

Бұл ауылды жергілікті тұрғындар "аппендицит" деп атайды. Сондау 80-жылдары құрылса да, атауы жоқ екен. Жергілікті тұрғындар, тіпті мектеп жоқ, қоғамдық көлік пен жедел жәрдем де жұмыс істемейді дейді. 

"Балалар қалаға оқуға барады. Мектеп алыс, автобус жүрмейді. Әкімдіктен бізге назар аударуын сұраймыз. Екі аптадан бері дәрігерге бара алмай жүрмін. Бізге көмектесіңіздер”, – дейді тұрғын Эльмира Расулова.

Құжаттардың болмауына байланысты үйлерге орталық коммуникациялар жүргізілмеген. Адамдар электр жарығына, суға және керектінің бәріне өздері ақы төлеген. Тұрғындар көбірек төлеуге мәжбүр болғанын айтады. Өйткені шот-фактуралар тек заңды тұлға ретінде шығаруы мүмкін дейді. 

"Бұл мәселені барлық бөлімшелермен, осыған қатысы бар адамдардың бәрімен бірге отырып талқылау керек. Жақында бұл мәселенің шешімін табамыз. Жалпы, аймақ өндірістік аймаққа жатады. Сол себепті бір-екі айға созылады. Өйткені бас жоспарды өзгерту сынды, егжей-тегжейлі орналасу жоспарын жасау керек”, – деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Айдынбек Ұзақбаев.

Жақында ауылға газ құбыры тартылды. Бірақ оны пәтерлерге қосу үшін олар үйдің құжаттарын талап еткен. 

Талқылау