Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы қар алматылықтарды сарсаңға салды: Таксидің бағасы орнында

Алғашқы қар алматылықтарды сарсаңға салды: Таксидің бағасы орнында Фото: Скрин

Бүгін Алматыға алғашқы қар жауып, қаладағы кептелісті күшейтті. Шаһардағы кептелістен мезі болған алматылықтар наразылығын 2GIS қосымшасында жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таңда Алматыдағы кептеліс 7 балды көрсетті. Діттеген жерге уақытында жете алмаған қала тұрғындары 2GIS-ті шулатты.

“Жаңа жыл ма не?”, “Неге осы қар мен жаңбыр жауса естерің танып қалады?”, “Тез-тез жүріңдерші”, “Толық jingle bells”, “Осының бәрі Нұрсұлтан 0,5 Жақсыгеннің кесірі”, “Алғашқы қар құтты болсы, баллондарың таймасын”, “Тұрыңдар сөйтіп”, “Мұндай ауа райында кім жазғы дөңгелекпен шығады, есектер”, “Өлім кептеліс қой”, “Айда”, “Жүресіздер ме, халқым, кешігіп жатырмын”, “Бәсе, Алматының осындайы бар еді ғой”, – деп жарыса жазды кептелісте тұрып төзімі таусылғандар.

Алғашқы қар алматылықтарды сарсаңға салды: Таксидің бағасы орнында

Фото: Скрин

Бір қызығы, қалада ауа райы бұзылса алып ұшатын таксидің бағасы осы жолы өзгермей, таңғалдырды. 

Алғашқы қар алматылықтарды сарсаңға салды: Таксидің бағасы орнында

Фото: Скрин

Алматы қаласы әкімдігі жол қозғалысын жеңілдету үшін қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 

“Қаланың көшелеріне 580 арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшысы шықты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 

 Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: қаланың көшелеріне 580 арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшысы шықты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар түспей тұрып, 204 құм-тұз шашқыш техника магистральдарды алдын ала сұйық реагенттермен өңдеді. Қазір жолдарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, аялдамалар, жаяу өткелдер мен көпірлер тазартылып жатыр”, – делінген хабарламада.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 12:13
Талқылау