Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарадыФото: Ru.freepik.com

Telegram арналардың бірінде Шымкенттегі оқу орындарына шабуыл жасау туралы қоқан-лоқыға толы хабарламалар пайда болды. Ақпарат мессенджерлер мен чаттарда тез тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына хабарлайды.

Жазбаларда қару-жарақтың суреттері, сондай-ақ автордың айтуынша, лаңкестік әрекет жоспарланып жатыр делінген қала мектептерінің тізімі жарияланған. Тізімде ондаған оқу орнының нөмірлері көрсетілген.

Полиция тергеу шараларын бастады, сондай-ақ олар азаматтарды тарап жатқан жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

“Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай бақылауда. Дайындалып жатқан қылмыстар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деп ескертті полиция департаменті.



Бұған дейін Ақтаудағы мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпараттан кейін оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмей қалған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Қаңтар, 2026 08:26