Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде сайлау туралы сауалнама жүргізген Алматы тұрғынына айыппұл салынды

Қазақстанның Бас прокуратура ел тұрғындарын сайлау заңнамасының бұзылуына жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде сайлау туралы сауалнамаға жүргізген қазақстандықтарға айыппұл салынды

«Бас прокуратура кезектен тыс президенттік сайлау кезінде заңдылықты сақтауға, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңында көзделген қоғамдық сауалнама жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды»,- делінген хабарламада.

Министрлік әлеуметтiк желi арқылы сайлау туралы сауалнама жүргiзудiң заңбұзушылық болып табылатынын ескертті. Бірақ, қазірдің өзінде осындай бұзушылық жіберген бірнеше қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгеріпті.

17 мамырда «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау туралы қоғамдық сауалнама жүргізгені үшін Алматы қаласының тұрғынына 15 МРП салынған. Яғни, ол сауалнама жүргізгені үшін 37 875 теңге айыппұл төлейді. Сонымен қатар, Facebook желісінде осындай бұзушылық жасаған Алматы облысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр