Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 11 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды
Қазақстанда мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 11 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels.com
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқаратын 11 лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Қазақстанның бюджеттік және өзге де заңнамасынан, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.
“Нәтижесiнде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және оның аймақтық филиалдары басшылығының 11 өкiлiн, сонымен қатар қор басқарма төрағасының орынбасарларының бiрiн тәртiптiк жауапқа тарту туралы қаулы қабылданды”, – деп мәлімдеді жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанадағы медициналық мекемелердің біріндегі QR кодта синтетикалық препараттың жарнамасы орналастырылғаны туралы жазған едік.