Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең үздік балуандары Тараздағы турнирде бақ сынайды

Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздің ғана емес, әлемнің ең үздік балуандар қатысады. Қазақстандық балуандардың ішінен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров және 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамизо да жарысқа  қатыспақ. 

Айта кетейік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған еді.  

Даурен Түлкібай
Сәрсенбі, 04 Қыркүйек, 2024 17:30