Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең бай адамдарының бірі қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллар көлеміндегі акцияларын береді

Әлемнің ең бай адамдарының бірі қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллар көлеміндегі акцияларын береді

Фото: Getty Images

Әлемнің ең бай адамдарының бірі қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллар көлеміндегі акцияларын береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

95 жастағы Уоррен Баффет Berkshire Hathaway компаниясының акционерлеріне арналған соңғы хатын жариялады. Ол бұл компанияны 60 жыл бойы басқарған. Миллиардер осы жылдың соңында директор (CEO) қызметінен кетуді жоспарлап отыр.

Қоштасу хатында Баффет 1,3 миллиард доллар көлеміндегі акцияларын қайырымдылыққа бағыттағанын айтты. Бұл қаражат төрт отбасылық қайырымдылық қорына, соның ішінде Сьюзен Томпсон Баффет қоры мен оның балаларының қорларына берілген. Бұл — оның зейнетке шығар алдындағы ең ірі қайырымдығы.

2026 жылы бас директор қызметін оның мұрагері Грег Абель атқаратын болады, ал Баффет директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қала береді.

1965 жылдан бастап ол жыл сайын акционерлерге хат жазып келген. Бұл хаттарда қаржылық есептермен қатар, сәтті инвестицияның құпияларымен бөлісіп, Berkshire Hathaway компаниясының қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп отырған.

Бүгінде бұл конгломерат ондаған компанияға иелік етеді, олардың қатарында Geico, Duracell және Dairy Queen бар. 283 миллиард долларлық портфелінің негізгі бөлігін Apple, American Express, Bank of America, Coca-Cola және Chevron компанияларының акциялары құрайды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 18:51
Талқылау