Әлемнің экс-чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс әлем чемпионы, британиялық кіші Крис Юбэнк IBF және IBO белбеулерінің иесі Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуды мақсат тұтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Юбэнк өзінің жерлесі Лиам Уильямсты 29 қаңтарда Кардиффте өтетін жекпе-жекте жеңген жағдайда, GGG-мен кездесуден үмітті.
"Бірнеше жыл бұрын Головкин екеуміз шықпақ болдық, бірақ соңғы сәтте болмай қалды. Спорттық мансабым бойы сол үшін өкініп келдім. Лиам Уильямсты жеңу арқылы алға жылжып, 2022 жылы Головкинді кездесуге шақыра аламын. Оны соққыға жыға алатынымды білемін", – деді Крис Soccer AM эфирінде.
Айта кетейік, GGG мен Юбэнк 2016 жылы жекпе-жек жайлы келіссөздер жүргізген. Алайда ақыр соңында отандасымыз Келл Брукпен кездескен еді.
Геннадий Головкиннің қаржылық жағдайы анықталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі