Әлемнің бірінші ракеткасы Монреаль турнирінен бас тартты

Әйелдер теннисінен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко WTA-1000 санатындағы Монреаль турниріне қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportarena.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Беларусьтік теннисші жарысқа жиналған шаршау салдарынан қатыспайды. Сонымен қатар, әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған испаниялық Паула Бадоса да бұл турнирден шеттетілді. Оның жамбас бұлшық етінде жарақат бар екені хабарланды.
Еске салайық, босап қалған орындарға америкалық Кэти Макнэлли мен жапониялық Моюка Утиджима өтті.
Турнир 28 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Айта кетейік, жарыстың қазіргі чемпионы — америкалық Джессика Пегула.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

