Әлемнің әр түкпірінде қалыңдық тұрмысқа қалай шығады? (фото)
Біздер үшін міндетті болып саналатын қалыңдық көйлегі XIX ғасырда Виктория ханшайымның арқасында пайда болған. Ол неке қидыру салтанатына аппақ көйлек киіп барған алғашқы қалыңдық екен. Оған дейін тұрмысқа шыққан қыз ұлттық костюмдері мен шеруге лайықталған көйлек киетін болған.
Бұл туралы adme.ru хабарлайды.
Назарларыңызға ұлттық дәстүрлі киімдеріне басымдық беретін жұптардың суреттерін ұсынамыз. Әсіресе, мұндай дәстүр Азия және Африка халықтары мәдениетінде кең таралған.
Дәстүрге сай жапониялық қалыңдықтар үйлену тойы үшін кем дегенде екі көйлек дайындайды. Арнайы рәсімдер үшін ақ, ал тойлау үшін қызыл көйлек киеді.
Ганада той ерекше мерекеленеді. Жастар түрлі-түсті жолағы бар, өрнектелген киім киеді. Әр отбасында мұндай ою-өрнектер әртүрлі болып келеді.
Фото опубликовано Akiboat Impressions (@akiboatimpressions)
Румыния соншалықты үлкен ел болғанына қарамастан, елдің түкпір-түкпіріндегі той дәстүрлері әрқалай. Сәйкесінше киімдері де.
Егер сіз ойда-жоқта Шри-Ланка елінің тойына тап бола қалсаңыз, күйеу жігіттен көз ала алмай қалар едіңіз.
Мұсылманша той көйлегі европалықтарға ұқсас. Тек жеңі ұзарып, көйлек кеңейген. Жас келін бұл жақта күлгін түсті көйлектерді қатты жақсы көреді.
Саама – Лапландияның негізгі халқы. Олардың дәстүрлі көйлектерінің өзі-ақ халық туралы біраз нәрсені аңғартады. Мәселен, белдіктегі дөңгелек батырма адамның бойдақ екенін, ал шаршы – үйленгенін білдіреді.
Үндістанда қалыңдықтың тойға қызыл немесе алқызыл түсті көйлек таңдауы қалыпты жағдай болып саналады. Ал солтүстік аудандарда күйеуге шыққаннан соң әйелдер маңдайына қызыл нүкте белгілеп қояды.
Шотландияда жігіт киетін килттің (белдемше) түсі оның отбасының түсімен бірдей болуы тиіс. Ол келіншегінің иығына торлы орамал салады. Бұл қыздың жігіттің отбасына қабылданғаны деген белгі.
Пәкістанның дәстүр-салтында Үндістанмен ортақ дүниелер өте көп. Бұл қатарға келіндердің қызыл түсті көйлек киюі және қолдарына хнадан өрнек салдыруын атап айтса болады.
Эфиопия – Африка құрлығындағы жалғыз христиан дінін ұстанатын байырғы мемлекет. Халықтың көптеген бөлігі Эфиопия праволав шіркеуіне барады. Сол себепті тойдағы киімдері де грек және орыс халқына қатты ұқсайды.
Ал Индонезия тойлары әркелкі. Бұған мемлекетте 6 діни сенімдегі 300-ге жуық халық тұратындығы себеп болса керек.
Кавказда күйеу жігіт черкес шапан кисе, қалыңдық ұлттық нақышпен көмкерілген ақ түсті көйлекті таңдайды.
Фото опубликовано 👰 Georgian Brides/Weddings 🇬🇪 (@myweddingofficial)
Қытайда үйлену тойы – қызыл түсті мереке. Ақ көйлекті бұл халық күйзелістің түсі деп ұғады. Дәстүр бойынша некелескеннен кейін күйеу жігіт қалыңдықтың басындағы қызыл жапқышты шешеді.
Гавайда ақ түс қалыпты есептеледі. Екі жас киімдеріне гүл тізбектерін тағып, қалыңдық басына гүл жапсырып алады.
Фото опубликовано Champagne and Cake (@champagneandcake)
Малайзияда көптеген отбасылар тойды мұсылман ережесі аясында өткізеді.
Көптеген еврей отбасыларында арнайы той костюмі болмайды. Ал Йемен еврейлеріне бұл қатысты емес. Қыздар ежелден мұра болып келе жатқан дәстүр негізінде сәнді көйлек киіп тұрмысқа шығады.
Норвегияда қыздар әлі күнге “бюнад” ұлттық костюмін арнайы тойға да, басқа мерекелерге де кие береді.
Балидегі той сән-салтанатымен өткізіледі. Күйеу жігіт басына тәж киіп, қалыңдықтың да көйлегі ерекше әсемделеді.
Фото опубликовано naturalklasikbali (@naturalklasikbali)
Ал, Қазақстанда үйлену тойы негізінен екі сатыдан құралады. Біріншісі, қыз ұзату салтында қалыңдық қазақи нақышпен, ою-өрнекпен көмкерілген көйлек кисе, үйлену тойында дәстүрлі ақ көйлекті таңдайды.
Ал ерлер классикалық костюм-шалбар киіп шығады. Ал қазақ тойларындағы ата-бабадан жалғасып келе жатқан құнды салт-дәстүр мен жөн-жоралғы том-том кітапты құрайды.