Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі газет журналисі өзенге қол жуамын деп қолтырауынға жем болды

25 жастағы ағылшын азаматы Пол Мак Клейн өзен суына қолын жуамын деп қолтырауынға жем болды. Шетелдік басылымда журналист қызметін атқарған жас жігіттің денесі Шри-Ланкадағы Аругам шығанағынан іздестіріліп жатыр.

1505426675904

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мак Клейн 2015 жылы Оксфорд университетін француз тілі мамандығы бойынша үздік бітірген. Оқуды тәмамдаған соң ол Ұлыбританиядағы танымал басылымдардың бірі Financial Times-қа жұмысқа кірген-ді. Бірнеше ай Брюссельде тұрған жас жігіт жуырда ғана Лондонға оралған болатын.

TELEMMGLPICT000140471383_trans_NvBQzQNjv4Bqc_wx8HP7haHfu1TOAdP2Di6FV4BCuS3wfc64Q_cWH3k

Қазіргі уақытта Шри-Ланка полицейлері мен сарбаздар жігіттің мүрдесін іздестіруде.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, журналист достарымен бірге East Beach Surf Resort демалыс орталығына тоқтаған. Аталған орын жігіт жоғалып кеткен маңға жақын.

«Жергілікті балықшы жігіттің қолтырауынға жем болғанын өз көзімен көрген. Ол кезде балықшы жағажайдың қарсы бетінде балық аулап отырған. Бұл Шри-Ланкада тіркелген алғашқы жағдай. Жергілікті тұрғындар да, сырттан келетін туристер де Слон-Рок аралын қауіпсіз жағажай деп ұнатады. Шри-Ланкада қолтырауындар джунглидің арғы бетінде, яғни жағалаудан пәленбай километр қашықтықта өмір сүреді», – дейді Safa Surf School мектебінің иесі Фавас Лаффер.

nintchdbpict000353039167

Оқи отырыңыз:

Әлемдік жұлдыз Селена Гомеске бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

КВН жұлдызының қалыңдығы қатерлі ісіктен көз жұмды

Отбасын құрған екі жас тойды “зомби” стилінде өткізді (фото)

Қаскөйдің өлер алдындағы соңғы тілегі: Саңырауқұлақ қосылған бургер мен 1 келі балмұздақ

Талқылау