"Әлемдік рекордты жаңартты": Блогер 1700 метр биіктікте футбол алаңын орнатып, доп тепкен
Фото: Видеодан скриншот
Желіде танымал ресейлік блогер Михаил Литвиннің 1700 метр биіктікте футбол ойнаған видеосы қолданушыларды таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Михаил Литвиннің 1700 метр биіктікте футбол алаңын орнатып, доп тепкен сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ерекше түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Литвин видеоның астына Криштиану Роналдуға арнайы үндеу қалдырып, “Пікір қалдыруыңызды сұраймын” деп жазған.
“Cristiano eave the comment”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогердің әрекетіне таңғалып, түрлі пікір қалдырып жатыр.
“Мақтанамын”, “Мынау енді топ”, “Мәссаған”, “Бауырым, сен аңыздың, аспанда футбол алаңын істеп әлемдік рекордты жаңарттың. Сені сыйлаймын, денсаулық, бақыт тілеймін”, “Сен адамсың ба?”, “Супер”, “Келесі ойыныңызды сонда өткізесіз бе”, “Жасанды интеллект арқылы жасалған видео ғой”, “Ал жанкүйерлерге орындықтар қайда?”, “Еріккендер”, “Доптың құлағаны қауіпсіздік ережелерін бұзады. Жерге қандай салмақ, қандай күшпен түсетінінен хабары жоқ”, “ЖИ сияқты” – деп жазған олар.
Айта кетейік, Михаил Литвин – ресейлік блогер және пранкер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы “Премьера” тұрғын үй кешенінде әйел лифт шахтасына құлап кеткені хабарланған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді