Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік басылымдар Аршавин жайлы қайта жаза бастады

«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Ақтөбе қақпасына салған голы Испанияның белгілі Marca газеті мамандарының назарына ілікті.

1939430-40784094-640-360

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Испаниялық басылым кезекті санында «Аршавин оралды: Керемет гол» деп тақырып қойып, ресейлік футболшыны жеріне жеткізіп мақтапты.

«Өз заманында «Зенит» пен «Арсенал» сапында өнер көрсетіп, жанкүйерлерінің айызын қандырған Андрей Аршавин үлкен футболға қайта оралды. 35 жастағы футболшының соңғы матчта «Ақтөбе» қақпасына салған голы әлемнің назарын өзіне қаратты», – деп жазыпты Marca тілшілері.

Ал ресейлік Eurosport және Sports.ru порталдары футболшының осы өнеріне тәнті болып, «оны ұлттық құрамаға қайтарыңдар» деп басшылықтың назарын аударыпты.

Мұның алдында ғана «Таразбен» өткен матчта Аршавиннің қарсыластар қақпасына салған голы да әлемге әйгілі басылымдардың назарынан тыс қалмаған еді.


Талқылау