Әлемдегі суретке түсіруге болмайтын бірден-бір ел (фото)
“Вашингтон Пост” басылымының фототілшісі Майкл Робинсон жуырда Конго еліне сапарлатып қайтқан. Ол аталмыш елдегі алған әсерімен бөлісуді жөн санапты.
“Күзетші маған саусағымен нұсқап француз тілінде бірдеңе айтты. Мен ол тілді білмесем де, оның не деп тұрғанын бірден түсіндім. Ол мемлекетте ешбір жерде суретке түсіруге болмайды екен”, – дейді ол.
“Конго – мен жұмыс істеген өте қиын ел. Биліктен ресми рұқсат алу, кәдімгі көше бойында суретке түсіру, бұл ұзын-сонар шаруаны керек етеді”, – деп атап өтті Робинсон.
Әйтседе, ол Конго елінен мүлде суретсіз қайтпаған.
Ол өзінің жалдамалы автокөлігінің терезесінен көшенің көрінісін түсірген.
Осылайша ол құпия түрде біраз жерді таспаға басып алады.
Көбіне жол үстінде жүйткіп келе жатып түсірілгендіктен, суреттер сапа тұрғысынан сәл әлсіз.
Оқи отырыңыз:
Сыртқы келбеті адам танымастай болып өзгерген жұлдыздар кімдер?
Ешқашан өркениет дәмін сезінбеген амазон тайпаларының таңғажайып суреттері (фото)
Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)
Көлікте жалғыз селфи жасаған қыз елесті де қоса суретке түсіріп алған (фото)