Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлемдегі проблема адам өмірінің құнындай емес": Ләйлә Сұлтанқызы танымал аспаз Бага Демалыстың өліміне қатысты пікір білдірді

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы алматылық танымал аспаз Бага Демалыстың өліміне қатысты көпшілікке үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, Алматыда танымал аспаз әрі гастро-кештерді ұйымдастырушы Бага Демалыс 28 жасында бақилық болды. Мұны оның достары әлеуметтік желіде хабарлаған еді. 

“Тартынбаңызшы, өтініш! Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы! Әлемдегі проблеманың ешқайсысы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Бұл ойымды неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық…”, – деп жазды БАҚ өкілі. 



Еске салайық, қайғылы оқиға қазанның 1-інен 2-сіне қараған түні белгілі болды. Ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп атап өтті департамент. Блогерлер мен өнерпаздар әлеуметтік желіде талантты да көңілді тұлға туралы естеліктерін бөлісіп, көңіл айтты.

"Әдемі күлкі иесі едің, мен сенің күлімсіреген жүзіңді ұмытпаймын!" – деп жазды Абай Қабдрашитов Instagram желісіндегі парақшасында.

Әнші Say Mo-ның мәлімдеуінше, Бага өзіне қол салған. Ол адамдарды көмек сұраудан қорықпауға және бір-бірін қолдауға шақырды.

"Егер өзіңізді жаман сезінсеңіз, жақын адамдарыңызбен сөйлесіңіз, көмек сұраудан қорықпаңыз", – деді ол.

Сондай-ақ ол Баганың достары көп бола тұра, дер кезінде көмекке ешкім келе алмағанына кінәлі сезінетінін жазды.

Талқылау