Әлемдегі ең жақсы және ең нашар қалалардың тізімі жарияланды: Қазақстан қалалары рейтингте жоқ
Фото: Pixabay.com
The Economist журналы әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қалалардың жаңа рейтингін жариялады. Копенгаген үш жыл қатарынан көш бастаған Венаны басып озып, бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дания астанасы тұрақтылық, инфрақұрылым және білім беру бойынша 100-ден 100 ұпай алды.
Сондай-ақ Вена мен Цюрих алғашқы үштікте, одан кейін Мельбурн, Женева, Сидней, Осака және Ванкувер орналасқан. Еуропаның, Жапонияның, Аустралияның және Канаданың қалалары алғашқы ондықта.
Рейтинг бойынша өмір сүруге ең нашар қалалар – Дамаск, Триполи және Дакка. Киев те тізімнің соңында — 173-тен 165-орында.
Қалалар бес критерий бойынша бағаланды: қауіпсіздік, медицина, білім, мәдениет және инфрақұрылым. Дүниежүзіндегі орташа балл – 100-ден 76. Көшбасшылар 98-ге жуық.
Алматы да, Астана да рейтингте жоқ. ТМД елдерінің ішінде тек Украина антирейтингте. Қалғандары "орташа" деңгейде болғандықтан, аты аталмаса керек.
Рейтинг әлемнің 173 қаласын қамтиды және жыл сайын жарияланады.
Ескен салсақ, Қазақстан әлемдік бейбітсүйгіштік рейтингінде бес сатыға көтерілген еді.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
