Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең өркениетті мемлекет анықталды

2016 жылы әлемдегі ең өркедеген ел деп Жаңа Зеландия танылды. Business Insider басылымының хабарлауынша, жыл сайын Prosperity Index рейтингін жасайтын британдық Legatum Institute ұйымы осындай байламға келген.

novaya-zelandiya

Жеті жыл бойы Legatum тізімінде көш бастап келген Норвегия бұл жолы екінші орынға түсіп қалды. Норвегия Жаңа Зеландиядан білім беру деңгейі, қауіпсіздік пен экология критерийлерінен басқасының бәрінен қалып кетті. Үшінші орында – Финляндия. Бұл биліктің нәтижелі жұмыс істеуі, демократияның даму деңгейі мен жоғарғы заңның кепілдігі жағынан үздік деп танылған ел.

Өркендеуші мемлекеттер төрттігіне білім беру саласында үздік деп танылған Швейцария енді. Одан кейінгі тізімде – Канада, Австралия, Нидерланды, Швеция мен Дания елдері. Бір жыл бұрын 15-орында болған Ұлыбритания бұл жолы 10-орыннан көрінді.

Жеке бостандық мәселесіне келгенде ең нашар көрсеткішке ие болған Ресей аталмыш тізімде 95-орынға жайғасты. Ел халқының құқығы мен еркіндігін қорғау Legatum Institute назарға алатын басты көрсеткіштердің бірі.

Legatum Institute рейтингті құру барысында 149 елдің өркендеуі мен дамуын сипаттайтын 104 факторды негізге алды. Оның ішіне халықтың жұмысбастылығы мен басқа да экономикалық көрсеткіштер, қалталы телефондар саны, балалар өлімінің деңгейі, халықтың сайлаудың әділ өтетініне деген сенімділігі және т.б. ескерілді.

Жіберіп алмаңыз: 

Стивен Сигал Ресей азаматтығын алды

Лондонда итальян ханзадасы велосипедпен жүк көліктің астына түсіп қаза болды

63 жыл түрмеде отырған тұтқын бостандыққа шығудан бас тартты

Германия оқушыларды мешітке баруға міндеттеді

Талқылау