Әлемдегі ең қуатты көліктер рейтингі жарияланды

Фото: nuvomagazine.com
Motor1 2025 жылдың ең қуатты 20 көлігінің тізімін шығарды. Рейтингке бензинді, гибридті және электрлі қозғалтқыштары мықты автомобильдер енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызығы, алғашқы үш орынды гибридті және электрлі автокөліктер иеленген. Швед өндірушісі Koenigsegg шығарған флагмандық Gemera моделі 2 300 ат күшіне ие болып, әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты.
Қымбат көлік пен ішімдік, 10 пәтер: Қазақстанда қандай мүліктерге сән-салтанат салығы салынады
Екінші орында 2 107 ат күшіне ие электрлі гиперкар Rimac Nevera R, ал үшінші орында қуаты 1 984 ат күшін құрайтын Aspark Owl тұр.
Айта кетейік, бұған дейін шілдеде жаңа көліктердің сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткені туралы жазған едік.

Фото: Visualcapitalist
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"