Әлемдегі ең ірі үш экономика анықталды

Кёльндағы (Германия) Неміс экономикасы институтының (IW) есептеулері бойынша, 2025 жылы Германия АҚШ пен Қытайдан кейін әлемнің үшінші экономикасы болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Праймға” сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жерде номиналды ЖІӨ туралы айтылып отыр – ел экономикасындағы барлық соңғы тауар мен қызметтердің қазіргі бағалар бойынша жалпы құны.
“Үздіксіз экономикалық дағдарысқа қарамастан, Германия 2025 жылы әлемдегі үшінші ірі экономика орнын сақтады. IW есептеулеріне сәйкес, барлық неміс тауары мен қызметтерінің құны 5,1 триллион долларға жеткен. Рейтингтің көшбасшысы – АҚШ, оның ЖІӨ көлемі 30,8 триллион доллар, одан кейін Қытай 19,5 триллион доллармен тұр”, – делінген хабарламада.
Жапония 4,4 триллион долларлық ЖІӨ көлемімен Германиядан кейін төртінші орын алды.
Жапония 2024 жылы үшінші орнын Германияға берген еді. Сарапшылар Германия өзінің үшінші орнын 2026 жылы да сақтап қалуы мүмкін, себебі елде мықты өнеркәсіптік база, жоғары білікті жұмыс күші және ғылыми-зерттеу компаниялары бар деп есептейді.
IW болжамына сәйкес, екі әлсіз жылдан кейін экономика мемлекеттік инвестициялар есебінен шамамен бір пайызға өседі. Дегенмен қалпына келу орташа деңгейде болып, экономикалық өсім шектеулі болады.
Сондай-ақ онжылдық соңына қарай тез өсіп келе жатқан және халқы көп Үндістан Германияны басып озуы мүмкін деп күтіледі.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты