Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Астанаға келді

Үндістандық Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани Астанаға іссапармен келді. Бұл туралы "Kazakh Invest ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гаутам Адани

Үндістан делегациясын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сонымен қатар премьер-министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік орган басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. 

Қос тарап логистика, энергетика сынды салалардағы екіжақты серіктестік мәселелерін талқылайды. 

2022 жылдың қарашасында Adani Group-тың қаржы айналымы 280 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанға іссапарын Сыртқы істер министрлігі мен Kazakh Invest Ұлттық компаниясы ұйымдастырды. 

Adani Group – Гаутам Адани құрған үндістандық ірі конгломерат. Оның штаб-пәтері Ахмадабадта орналасқан. Bloomberg журналының мәліметінше Гаутам Аданидің жеке қаржысы 129 миллиард доллар. Бүгінде ол Азиядағы ең бай адам. Ал әлемде ең ауқатты үшінші адам. 

Adani Group 7 тіркелген компаниядан тұрады. Бұл кәсіпорындар энергетика, теңіз порттары мен логистика, тау-кен өндірісі мен пайдалы қазбалар, газ, әуежай мен ақпаратты өңдеу орталықтарын қамтиды. 

Талқылау