Әлемдегі ең бай адам анықталды
Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көшбасшы ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Тізімнің жаңа көшбасшысы – Tesla және SpaceX компанияларының иесі, америкалық миллиардер Илон Маск болды. Forbes басылымының мәліметінше, Масктың байлығы 342 миллиард долларды құрады.
Екінші орында Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг тұр. Оның капиталы 216 миллиард доллар деп бағаланған. Үздік үштікке 215 миллиард долларлық капиталымен Amazon негізін қалаушы Джефф Безос кірді.
Байлар көп төлейді: Қазақстанда сән-салтанат салығына балама ұсынылды
"Өткен жылы рейтингтің көшбасшысы болған LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының иесі Бернар Арно 2025 жылы 178 миллиард долларлық байлығымен тек бесінші орынды иеленді", – делінген басылым жазбасында.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Еуропадағы Tesla салондарының маңында Илон Маскқа қарсы наразылық акциялары өткені туралы жазған едік.