Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адам 94 жасында басшылық қызметінен кететінін айтты

Фото: Michael Buckner / Getty Images

94 жастағы америкалық инвестор Уоррен Баффет осы жылдың соңына дейін Berkshire Hathaway конгломератының бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Berkshire Hathaway акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Баффет шешімімен бөлісті. 

"Менің ойымша, Грег [Абель] жылдың соңында компанияның бас директоры болатын уақыт келді. Мен бұл фактіні басшыларға алдын — ала жеткізгім келіп отыр. Менің ұсынысым кім екенін білдіргім келеді", - деді ол.

Қазіргі уақытта 94 жастағы Баффет конгломераттың бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы. Акционерлер жиналысынан кейін Баффет пен Абель CNBC-ге 4 мамырда Директорлар кеңесінің отырысында Баффеттің келесі жылы қандай қызмет атқаратынын талқылайтынын айтты.

1965 жылы 35 жасында Уоррен Баффет Berkshire Hathaway компаниясының сол кезде мәселеге толы тоқыма өндірісі бақылау пакетін сатып алды. Кейінірек оның негізінде ол инвестициялар мен сақтандыру бизнесімен айналысатын холдинг құрды. Berkshire портфолиосында American Express, Bank of America, Apple, Chevron, Coca-Cola және басқа да көптеген акциялар бар.



2024 жылы Berkshire Hathaway технологиялық сектордан тыс капитализациясы 1 триллион доллардан асқан алғашқы америкалық компания болды.

The Wall Street Journal журналына берген сұхбатында Уоррен Баффет өмірден өткен соң жинаған байлығын оның үш баласы басқаратын жаңа қайырымдылық қорына жіберілетінін айтты.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 04 Мамыр, 2025 15:34
Талқылау