Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ауыр әйел қайтыс болды

Поллин Поттер көз жұмдыФото: Pauline Potter

Америкалық реалити-шоудың экс-қатысушысы, бұрын әлемдегі ең ауыр адам деген атаққа ие болған әйел өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.com.au-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Поллин Поттердің салмағы 307 келіге дейін жеткен, 62 жаста болды. Қаңтар айындағы жол апатынан кейін оның денсаулығы сыр берген. Оның ұлы Диллон Брукс YouTube-те анасының қайтыс болғанын жариялап, соңғы күндерін хосписте өткізгенін, жүрек пен тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінен зардап шеккенін айтты.

Поттердің көлігі екі жолақты тасжолда тұрған жарықсыз тіркемемен соқтығысқан. Осыдан кейін асқорыту мәселелері мен қатты қабырға аурулары пайда болды. Ол тамыздың соңында ауруханаға жатқызылды, бірақ ол үйіне қайта оралған жоқ.

“Менің 600 фунттық өмірім” шоуында бірнеше жыл бойы 200 келіден астам салмақ тастап, артық теріні алып тастау үшін пластикалық отаға үміткер болғанымен, апаттың салдары оның өмірін қысқартты.

Айта кетейік, бұған дейін қызметкер дәретханаға жиі барғаны үшін жұмыстан қуылғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 10:48