Әлемдегі ең ащы бұрыш қосылған бургерді жеп қойған америкалық өңешін жыртып алды
Сайыстардың бірінде бұрыш араластырылған езілген картобы бар бургер деген 47 жастағы америкалық 23 күн ауруханада жатқан.
Фото: VistaNews.ru
Бұл туралы The Journal of Emergency Medicine хабарлайды.
Емделушіні қараған дәрігерлер ған Бурхаве синдромы деген диагноз қойған. Ол жүрек айнып құсу кезінде өңештің кенеттен ажырап кетуін білдіреді.
Бастапқыда ер адам кеуде тұсы мен ішінен қатты ауырлық сезінген. Бірақ біраз уақыт шыдайды. Ал жағдайы тіпті ауырлағанда жедел жәрдем шақыртылған. Дәрігерлердің оған аса жылдам диагноз қоюының арқасында ол аман қалған. Өңештің төменгі жағындағы 2,5 см тұсы жыртылып кеткен.
“Бұрыш-елес” – Үндістаннан шыққан бұрыш сорты. Оның күйдіргіштік индексі 1 463 700-ге жетеді екен. Осы арқылы ол әлемдегі ең ащы бұрыштардың үштігіне кіреді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар 2017 жылы қалай демалады?
Бикеш белгісіндегілер ең ұқыпты жүргізушілер деп танылды
Жасөспірім фастфуд салдарынан соқыр болып қала жаздады
Ата-анасы екі басты және төрт қолды болып туылған сәбиінен бас тартты