Жұлдыз жорамалдағы бикеш белгісіндегілер ең ұқыпты жүргізушілер деп танылды
Қазақстандық сақтандырушы мамандары көлік жүргізушілерінің жол жүру тәртібі оның жұлдыз жорамалдық белгісіне байланысты екенін айтады.

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Мұндай болжамды қазақстандық сақтандырушы мамандары айтты. Олар соңғы екі жылдағы мәліметтерді салыстырған. Әдетте балық белгісіндегі жүргізушілер жол көлік оқиғасына жиі түседі екен. Ал, ең ұқыпты жүргізушілер бикеш белгісіндегілер.
Бұл рейтингті Nomad сақтандыру компаниясы жасады. Олардың мәліметінше, балық белгісіндегі жүргізушілер жалпы жол көлік оқиғасының 9,2 пайызына қатысты болған. Екінші орында шаян белгісіндегілер, үшінші орында сарышаян белгісіндегілер тұр.
Соңғы 7 айда елімізде 1228 адам көз жұмған 10 мың жол апаты болды. Бұл Орта Азия елдері бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Татьяна Куан
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды