Әлемдегі ең әдемі мысық анықталды
Норвегияның Осло қаласында өткен Бүкіләлемдік мысықтар көрмесінде әлемдегі ең әдемі мысық анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polskieradio.pl басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, бакарди есімді мысық әлемдегі ең әдемі деп танылды. Бүкіләлемдік көрмеге Польшаның Гданьск қаласынан ресейлік көк тұқымды бакарди әкелінді. Ол зарарсыздандырылған мысықтар үшін арнайы номинациямен марапатталды.
Әлемдегі ең үлкен көрмені Халықаралық мысықтар федерациясы өткізді. Финалда мың жарым мысықтың арасынан 34 жеңімпаз таңдалды.
Екі жүлдені португалиялық Хосе Диастың үй жануарлары – Sweet Dreams және Lisiana лақап аты бар парсы мысықтары иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Әлемдегі ең әдемі ер адамның кім екені анықталған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді