Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде алғаш рет мұсылман әйелдерге арналған төсек қатынасы жайлы кітап шықты

Өткен аптада мұсылман қыздарға арналған жыныстық қатынас жайлы әлемдегі ең алғашқы кітап шықты.

1500300325_4

«Мұсылмандық секс: жыныстық қатынастағы халал гид» деп аталатын кітап авторының кім екені белгісіз. Автор Умм Муладхат деген жұмбақ атпен шыққан, деп жазады The Guardian.

Кітапта төсек қатынасының жатыстары айтылған. Басылым 574 беттен тұрады. Онда төсек қатынасына арнайы кеңестер жазылған. Автор төсек қатынасымен күйеуімен ғана айналысу керек екенін айтады. Алайда оны сынаушылар көп.

Автордың айтуынша, әйелдің күйеуіне қанағаттануға құқығы бар.

«Бір әйелдің маған айтқаны бар еді. Ол төсек қатынасы жайлы қыздарға аналары айтады деді. Бірақ меніңше аналары қыздарына дәл мендей жеткізе алмайды»,- дейді автор.

Авторды қолдаған да бар. Олардың қатарында Ұлыбританияның мұсылман әйелдер желісінің өкілі Шайста Гохирді атауға болады.

Кітап ағылшын тілінде басылып шықты. Интернет-дүкендерде бағасы 12 доллар (4000 теңгеге жуық) тұрады.

 

Талқылау