"Әлем не болып жатқанын білсін": Зеленский Украинаға қарсы соғыста тұтқынға алынған солтүстік кореялық сарбаздарды көрсетті
Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің алғаш рет Ресей тарапынан соғысып жүрген екі солтүстік кореялық әскерді тұтқындағанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл Солтүстік Корея әскерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуының тікелей дәлелі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Владимир Зеленскийдің Telegram арнасынан
Оқиға Курск облысында болған.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, тұтқынға түскен Солтүстік Корея сарбаздарына медициналық көмек көрсетіліп, Киевке жеткізілген. Олардың бірін арнайы операция күштерінің жауынгерлері, екіншісін украин десантшылары ұстаған.
Фото: Владимир Зеленскийдің Telegram арнасынан
"Бұл міндет оңай болған жоқ. Өйткені әдетте ресейліктер мен Солтүстік Кореяның басқа да әскери күштері Солтүстік Кореяның Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны туралы дәлелдердің сақталмауы үшін өздерінің жаралы сарбаздарын өлтіріп жоқ қылады.
Украинаның қауіпсіздік қызметіне журналистерге осы тұтқындармен байланысуға мүмкіндік беруді тапсырдым. Әлем не болып жатқанын білуі керек", - деді Зеленский.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның Ресейге әскер жібере бастағанын мәлімдеген болатын.