Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем кубогында Қазақстан құрамасының боксшысы өзбек спортшысынан ұтылды

Әлем кубогында жеңілісФото: olympic.kz

Астанада ұйымдастырылған World Boxing халықаралық турнирінде ел намысын қорғаған Әнел Сақыш 1/8 финал кезеңінде Өзбекстаннан келген Феруза Казаковаға есе жіберіп, келесі айналымға өте алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төрешілер жекпе-жектің қорытындысын бірауыздан өзбекстандық спортшының пайдасына шешті. Бұл бәсекеде жеңіске жеткен Казакова ширек финалға жолдама алды. Ал Сақыш үшін бұл турнир осымен аяқталды. Бұған дейін алғашқы айналымда ол Германиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, сенімді жеңіске қол жеткізген еді. Сондай-ақ, өткен жылы Астанада өткен 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінде ол күміс медаль еншілеген болатын.

Бұған дейін, қазақстандық қос боксшы арудың алғашқы айналымнан сүрінбей өткенін хабарлаған едік. Сонымен қатар, ерлер арасындағы бәсекеде 70 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіповтің де бірінші кезеңде жарыс жолынан шығыт қалғанын жеткіздік.

Айта кетейік, кеше Астанада World Boxing ұйымдастырумен Әлем кубогының екінші кезеңі өз бастауын алды. Байрақты бәсеке 30-маусым мен 6-шілде аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 15:26
Талқылау