"Әлем қарсы болып еді": Айқын мен Жұлдыз 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады
Отандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдан кейін үйлену тойларын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzomirgali_official/
Жұлдызды жұп тойға достары мен жақындарын ғана шақырды.
“Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі қарсы болды. Әке-шешемнен бастап, достарым да теріс айналды. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Өзіңді кездестіргеннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен таңдауым мен шешіміме ешқашан өкінбеймін. Мен сені жақсы көремін. “Ақ көйлек киесің” деп уәде берген едім. Міне, уәдемді орындадым. Анам жылап отыр”, – деді Айқын.
Одан кейін өнер иелерінің әріптестері түрлі пікір жазып, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
“Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты.
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.
Кел, достарым, жақсы тілек тілейік!
Бақытты болыңдар!", – деп жазды Аша Матай екі жастың суретін жариялап.
Еске салайық, Айқын Төлепберген үйлену той алдындағы дайындығын көрсетіп, тойға келмей қалатындармен араласпайтынын айтқан еді.