Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы үйсіз жүр: Күрес федерациясы Нұрқожа Қайпановға сертификатты ғана табыстап, уәде еткен пәтерін бермеген

Еркін күресФото:ҰОК

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов үйсіз жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы балуан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты.

Спортшының айтуынша, Күрес федерациясы оған пәтердің сертификатын ғана табыстаған, алайда баспананың кілтін әлі күнге дейін бермеген.

 

"Пәтердің сертификатын берді. Алайда кілтін қолымызға алған жоқпыз. Былтыр федерацияның қорытынды жиынында пәтер сертификаты табысталды. Бірақ пәтердің өзін беру мәселесі бір жылдан бері созылып келеді. Жазбаша түрде сұрадық, бірақ федерация тарапынан нақты жауап болмады. Берілсе жақсы болар еді. Қазір пәтерден пәтерге көшіп жүрмін. Талғарда тұрып жатырмын. Шық деп жатқан ешкім жоқ, тек күн сайын жаттығуға қатынап келемін. Кептелісте 2–3 сағат тұратын күндер болады", – деді Нұрқожа Қайпанов.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта чемпион атанып, алтыннан алқа таққан. Бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс, 2025 жылы қола жүлде жеңіп алған. Сондай-ақ ол –  үш дүркін Азия чемпионы. 2022 жылы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында финалда жеңіліп, күміс медаль алған

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 15:28
Талқылау