Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа күрес федерациясы уәде еткен пәтерін қашан табыстайтыны белгілі болды
Фото:ҰОК
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа федерация уәде еткен пәтерін биылғы жылдың соңына дейін тапсыратын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Федерация өкілдері спортшыға пәтердің не себепті кешіктірілгенін түсіндіріп, жаңа баспананың жыл соңына қарай дайын болатынын айтқан.
Бұл туралы балуан өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
“Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Кешеден бері әлеуметтік желіде аға-әпкелерім уайымдап, маған жазып жатыр. Квартира осы жылдың соңында берілетін болды. Бұл үй осы жылдың соңында бітеді. Федерация барлық жағдайды түсіндірді. Барлығы жақсы, уайымдамаңыздар. Мемлекетіміз де барынша қолдау көрсетіп жатыр. Федерация да көмектесті. Бәрі жақсы”, – деді Нұрқожа Қайпанов.
Айта кетейік, күні кеше ғана балуан Нұрқанат Жылқышыбайға берген сұхбатында федерация өзіне сертификат қана табыс еткенін, алайда пәтерді бір жыл бойы ала алмай жүргенін айтқан еді.
Еске сала кетсек, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын жүлде иеленді. Бұған дейін ол 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс, 2025 жылы қола жүлде алған. Сондай-ақ үш дүркін Азия чемпионы атанып, 2022 жылы Ұлан-Батырда өткен құрлық біріншілігінде күміс медаль иеленген
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады

