Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға федерацияның жаңа басшысы пәтер кілтін табыстады

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға еліміздің күрес түрлері федерациясының жаңа басшы Еркін Оқасов пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Чемпионға пәтерді күрес түрлерінен жылдың қорытынды іс-шарасында сыйлады.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол шешуші сында өзбекстандық Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Бұл – Қазақстан үшін грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы "алтын". Соңғы жеңіс 1999 жылы тіркелген еді, ол кезде жеңімпаз атанған Мхитар Манукян чемпион болған.
Айдос Сұлтанғали бұған дейін екі рет 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлде алған. Ал бұл жеңіс – оның мансабындағы ең ірі айтулы жеңісі болды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"

