Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатының жүлдегері Сабыржан Аққалықов: Олимпиадалық салмаққа ауысамын

боксФото:ҚБФ

Дубайда IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Сабыржан Аққалықов алдағы уақытта Олимпиадалық салмаққа ауысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұған дейін халықаралық турнирлерде 75 келіде ел намысын қорғап жүрген еді.

“Бір жыл бұрын Шымкентте өткен турнирде салмағым 82 келі болды. Алайда сол жарыста 11 келіге дейін салмақ тастап, 71 келіде бокстастым. Кейін бапкерлерім 75 келіде жұдырықтасып көруді ұсынды. Бірақ мен бұл салмақта физикалық тұрғыдан мықты бола алмайтынымды айттым. Соған қарамастан ақылдаса келе 75 келіде өнер көрсетуге келістік.Алғаш рет осы салмақта "Странджа" турниріне қатысып, алтын жүлде жеңіп алдым. Екінші рет Нидерландта өткен жарыста қола жүлдегер атандым. Сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогінде топ жардым. Алайда 75 келі –  олимпиадалық салмақ емес. Сондықтан алдағы уақытта не 80 келіге, не 70 келіге ауысуды жоспарлап отырмын1”, – деді Сабыржан Аққалықов журналис Аслан Қаженовке берген сұхбатында.

Айта кетейік, егер Сабыржан Аққалықов 70 келіге ауысса бұл салмақта бәсеке қыза түсетіне анық. Себебі 70 келіде ұлттық құраманың қазіргі фавориті Төрехан Сабырхан бар.

Сабыржан Аққалықов Астанада World Boxing ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогінде жоғарғы деңгейде шеберлігін дәлелдеп, алтынан алқа таққан. Сонымен қатар “Странджа” додадасында топ жарса, Нидерланды да үздік үштікті түйіндеді.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 20:14