Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамның басында бала күнінде пайда болған жара үлкен ісікке айналды

Үндістанның тұрғыны отадан бас тартқан соң 20 жыл ішінде басында үлкен ісік пайда болды.

Үндістанның Мадурай қаласының Сакививел атты тұрғыны қаражаттың жоқтығынан ота жасата алмаған. Соның салдарынан балалық шақта пайда болған ісікке назар аудармады.

Он жыл ішінде ісік 5 келіге дейін өсіп, қолайсыздықты тудырды. Басындағы ісіктен ұялған 31 жастағы жігіт ешкіммен араласпай, бөлектеніп қалды.

Ақырында Сактивель ауруханадағылардан көмек сұрады. 16 мамырда хирургтар науқас үшін он сағаттық операция жасап, ісікті алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл әлемдегі ресми тіркелген ең үлкен ми ісігі.

"Нейрохирург ретінде жұмысымның 15 жылында алғаш рет осындай үлкен ісік көріп тұрмын", - деді дәрігер Джей Срисараванан.

Қазіргі кезде науқас өзін жақсы сезінеді. Оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр