«Әлем аруы-2016» байқауы сайтында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды
«Әлем аруы-2016» байқауы сайтында Қырғызстан атынан шыққан Перизат Расулбекке Қазақстанның туын белгілеп қойды.
Фото: Табылды Кадырбеков
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Перизат Расулбек 26 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Вашингтонда өтетін байқауда Қырғызстан атынан бас сынайды. Тәж үшін 110 елден келген үміткер сайысқа түспек. Қазақстан атынан 18 жастағы студент Әлия Мергембаева намысты қорғайды. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Әлия көп отбасынан шыққан. Қазір туризм саласында оқып жатыр.
Айта кетейік, Әлия байқау әділ-қазыларын өнерімен таңалдырмақ. Ол қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сахнаға алып шығып, одан бөлек ұлттық би билемек. Ал әлемнің ең басты сұлулық мерекелерінің бірі биыл 18 желтоқсанда АҚШ астанасы Вашингтонда өтеді деп жоспарланған.
Жіберіп алмаңыз:
Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па
Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)
Мәскеуде кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионын өлтіріп кетті
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шеберлерінің тек қана тезірек баюды көздейтіні белгілі болды (видео)