"Әлем аруы - 2021" байқауының жеңімпазы белгілі болды
Халықаралық сұлулық байқауының атағын үндістандық қатысушы Харназ Сандху жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа әлемнің 80 елінен қыздар қатысқан.
"Әлем аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы үндістандық Харназ Сандху болғаны хабарланды. Байқаудың финалы Эйлат қаласында өтті.
Екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Африка Республикасының өкілдері Лалела Мсвейн мен Парагвайдан келген Надия Феррейра иеленді.
Финалға жолдама алған үздік 10 жеңімпаздың қатарына Аруба, Колумбия, Франция, Үндістан, Парагвай, Филиппин, Пуэрто-Рико, Оңтүстік Африка, Багам аралдары және Америка Құрама Штаттарының қатысушылары кірді.
The new Miss Universe is...India!!!! #MISSUNIVERSE pic.twitter.com/DTiOKzTHl4
— Miss Universe (@MissUniverse) December 13, 2021
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, салтанатты шарада купальниктер сайысынан кейін 10 қатысушы шықты. Алдағы уақытта олардың бесеуі ғана қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, финалға мүмкіндік алды. Бұл кезеңнен кейін Үндістан, Парагвай және Оңтүстік Африкадан келген қатысушылар қалды, олар белгілі бір тақырып бойынша қысқаша сөз сөйледі.
Байқауға қатысушыларға қазіргі заманда қысым көріп жүрген қыздарға кеңес беру ұсынылды. Жеңімпаз жастарды өздеріне сенуге, өзін басқалармен салыстырмауға және әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы ойлауға шақырды.
Биыл Қазақстан атынан Әзиза Тоқашова қатысты. Instagram желісіндегі "Қазақстан аруы" парақшасында ұлттық киіммен және кешкі көйлекпен шыққан видеосы жарияланды.
Сылақшы қыз: Күйзеліске түскен соң ұзын шашымды тақырлап алып тастадым