Алексей Навальныйдың әйелі күйеуінің өлімі туралы ақпаратқа сенбейтінін айтты
Алексей Навальныйдың жары Юлия Навальная күйеуінің көз жұмғаны туралы ақпараттарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған/Юлия Навальная
Юлия Навальная Мюнхен қауіпсіздік конференциясында жасаған мәлімдемесінде, күйеуінің қайтыс болғаны туралы хабарға сенер-сенбесін білмей отырғанын айтты.
“Бүгін жеткен қорқынышты жаңалықты барлығыңыз көрген шығарсыздар. Осы мәлімдемені жасасам ба, әлде балаларымның жанына ұшып кетсем бе деп ұзақ ойландым. Бірақ кейін менің орнымда Алексей не істер еді деп ойладым. Ол осы сахнада болар еді.
Тек қана Ресейдің мемлекеттік ақпарат көздерінен таратылған сұмдық хабарға сенер-сенбесімді білмеймін. Біз Путинге және Путин үкіметіне сене алмаймыз. Олар әрқашан өтірік айтады.
Бірақ егер бұл рас болса, мен Путин, оның айналасындағылардың бәрі, Путиннің достары, оның үкіметі біздің елге, менің отбасыма және күйеуіме жасағандары үшін жауап беретінін білсе екен деймін. Және бұл күн жақын арада келеді.
Мен бүкіл әлем қауымдастығын, осы залдағы барлық адамдарды, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіріп, осы зұлымдықты жеңуге шақырғым келеді. Біз қазір Ресейдегі қорқынышты режимді жеңдік. Бұл режим де, Владимир Путин де соңғы жылдары Ресейге жасаған сұмдық әрекеттері үшін жауапкершілікте тартылуы керек", – деді Юлия Навальная.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың түзету мекемесінде көз жұмғаны туралы жазған едік.