Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Шевченко "Ролан Гаррос" жарысының келесі кезеңіне "лаки-лузер" арқылы өтті

Фото: ktf.kz

27 мамырда Парижде үлкен теннистен “Үлкен Дулыға” санатына жататын Францияның ашық чемпионатының үшінші ойын күні жалғасын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл күні Қазақстан жанкүйерлерін қуантқан оқиға – Александр Шевченконың сәтті өнер көрсетуі болды. Ол жарыстың негізгі кезеңіне "лаки-лузер" ретінде өтті.

Өткен аптада Шевченко іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалғанымен, негізгі сеткада бір спортшының бас тартуына байланысты қосымша мүмкіндік алды. Қазақстандық теннисші бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланды

Жекелей сынның алғашқы кезеңінде ол тәжірибелі серб спортшысы Душан Лайовичті үш сетте – 6:2, 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты. Енді екінші айналымда Шевченко болгариялық Григор Димитров пен америкалық Итан Куин арасындағы кездесу жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік бүгін Ролан Гаррос корттарына тағы бірнеше қазақстандық теннисші шығады: Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сында).

Ал кеше әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина турнирдегі алғашқы матчында Аргентина елінің өкілі Хулия Риераны 6:1, 4:6, 6:4 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Енді отандасымыз АҚШ спортшысы Ива Иовичке қарсы ойнайды. 17 жастағы америкалық спортшы WTA рейтингінде 129-орында келеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 17:18
Талқылау