Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасынан жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) ерлер арасындағы жекелей сында жарысты тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерге есе жіберді. Синнер үш сетте сенімді жеңіске жетті — 6:1, 7:5, 6:0. Өз кезегінде бұл оның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі жеңіс сериясын 19 матчқа дейін ұзартып отыр.
“Ролан Гаррос” Бублик үшін тарихи сәт болды: ол алғаш рет "Үлкен дулыға" жарысының ширек финалына шықты және бұл кезеңге жеткен алғашқы қазақстандық ер теннисші атанды. Осы жолда ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы Алекс де Минаур мен бесінші нөмірлі Джек Дрейперді жеңіп шықты. Дрейперге қарсы жеңісінен кейін Бублик бұл сәтті "өміріндегі ең үздік" деп атаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисшінің ширек финалдағы сенсациялық жеңісі жайлы хабарлаған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

