Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінде әлемнің бесінші ракеткасын ұтты
Фото: instagram.com / rolandgarros
Қазақстанның теннисшісі Александр Бублик (ATP рейтингінде №62) ел тарихында алғаш рет "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирдің жекелей сында ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл тарихи жетістікке ол Франция ашық чемпионатында — Ролан Гаррос турнирінде қол жеткізді.
Төртінші айналымда Бублик әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды. Бұған дейін ол тағы бір мықты қарсылас — Алекс де Минаурды да ұтып, топырақ жамылғысында жоғары деңгейдегі ойынын көрсетті.
Ширек финалда Александр әлемнің бірінші ракеткасы — италиялық Янник Синнермен кездеседі. Матч 3 маусым күні өтеді. Бұл кездесу оңай болмайтыны анық, бірақ Бублик турнир барысында тосын нәтижелерге қабілетті екенін дәлелдеді.
Бубликтің ширек финалға шығуы — қазақстандық спорт үшін үлкен жетістік. Бұған дейін Қазақстаннан шыққан бірде-бір ер теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің жекелей сында мұндай деңгейге жетпеген.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
