“Алдын ала дайындық қажет”: Путин Трамппен қуана-қуана кездесетінін мәлімдеді
Путин Трамппен қуана-қуана кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен қуана-қуана кездесетінін мәлімдеді, бірақ бұл үшін дайындық қажет екенін атап өтті.
"Білесіздер ме, бұл кездесуге алдын ала дайындалу керек. Мен Дональд Трамппен қуана-қуана кездесемін. Біз көптен бері көріспедік. Бізде жақын қарым-қатынас жоқ, бірақ ол президент болған төрт жылда біз бірнеше рет кездесіп, мемлекетаралық қарым-қатынасымызды ашық әрі жан-жақты талқыладық. Бүгін де онымен кездесуге дайынмын, және менің ойымша, ол да қарсы емес. Бұл біздің телефон арқылы сөйлескен кездегі әңгімемізде айқын көрініп тұрды", – деді Путин.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп пен Путин Украинаға қатысты келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясында кездесетіні туралы жазған едік.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді