"Алданып қалған қаншама қария бар?!": Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады
Танымал әнші Бүркіт анасының алаяқтарға алданып қалғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі алаяқтардың зейнеткерлерді жиі мазалайтынын айтты.
“Аңқау болмаңыздар!
Айтайын дегенім, жақында мамамның телефонына бір қыз хабарласты. Біз мамамның жанында отыр едік. Бір кезде ол сәлемдесіп, “сақтандыру компаниясынан хабарласып тұрмын” деді. Мен кім екенін түсіндім. Мамамның телефонын алып, мен сөйлесейін дегенде, ол қыз тұтқаны қоя салды. Біз олардың алаяқ екенін қанша рет түсіндіріп айттық. Осылай хабарласып, өтірік витаминдерді қымбат дәрі деп сенгіш зейнеткерлерге сатады. Ұятсыздар! Қаншама мыңдаған ақшаға алданып жүрген қариялар бар! Алдап жүргендерге айтарым көп. Әркім өз тағдырының қожайыны”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Алматылық келіншек алаяқтардың кесірінен 55 миллион теңгелік жерінен айырылғанын жазған едік.
Жуырда 55 миллион теңгеге сатылады деп жарияланған Алматыдағы 10 соттық учаске ұрланған болып шықты. Қаскөйлер келіншектің 17 жыл бұрын алған телімін өз аттарына аударып алып, сатуға қойған. Әйел учаскені 2008 жылы сатып алған. Телім Алматы аумағына өткенде де, 2015 жылы өз атыма қайта заңдастырдым дейді. Бірақ осыдан 10 күндей бұрын бұл 10 соттық жер Еговта өзгенің атына өтіп кетіп, 2 рет қайта рәсімделген екен.