"Алданып қалдым": Ернар Айдар әлеуметтік желіде ұйымдастарған ұтыс жайлы шындықты айтты
Жақында әлеуметтік желіде ұтыс ұйымдастырамын деп басы дауға қалған әнші Ернар Айдар қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін ғана, міне, телефонымды қолыма алдым, қарап жатырмын. Біріншіден, мені уайымдап, маған қолдау білдіріп жатқандарға алғыс білдіремін. Ал істің ақ-қарасын білмей, мені сынап жатқандарға сабырлық тілеймін. Қазіргі таңда ұтысты ұйымдастырғандардың барлығы қамауда. Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тексеріс амалдарын жүргізіп жатыр. Өз тарапымнан мен істің әділ қаралуына күшімді салып жатырмын. Мен де алданып қалдым ағайын. Алдағы уақытта сот әділ өтеді деген сенімдемін", - деді әнші.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта болған жаңалықтармен бөлісіп тұрғанын айтты.
Еске салайық бұған дейін танымал әнші ТЖ режимін бұзғаны үшін ұсталғаны жайлы айтылған болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан